Украина: Президент Янукович наурыздың 5-інде Мәскеуге барады
19:33, 25 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Украина президенті Виктор Янукович наруыздың 5-інде Мәскеуге баруды жоспарлады. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Анна Герман мәлімдеді,
деп хабарлады Укринформ агенттігі.
Бұдан бұрын хабарланғандай. бүгін Украина президенті қызметіне ресми кіріскен Виктор Янукович шетелге алғашқы сапарын Брюссельден бастайды. Сапар ақпанның 28-і мен наурыздың 1-і аралығында өтеді.