ҰҚШҰ-да мүше-мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ереже жобасы әзірленді
Мұндай шешім бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жанындағы РФ Өкілетті өкілі Александр Раннихтің төрағалығымен Мәскеуде өткен ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты Кеңестің қорытынды отырысында қабылданды. Кеңеске Ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжа қатысты.
Отырыс барысында өкілетті өкілдер Ұйымның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған құжаттың жобасын қарады. Атап айтқанда, Тұрақты Кеңес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы ереже жобасын қарады.
Бұл құжат ынтымақтастықтың құқықтық, саяси және ұйымдастыру негіздерін, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттер қатысушыларының негізгі құрамын, мүше-мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздіктері жүйелерін қалыптастыру кезінде олардың арасындағы өзара іс-қимыл функциялары мен тәртіптерін айқындайды.
Тұрақты Кеңестің шешімімен Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы ереженің жобасы келісу үшін мемлекеттерге жіберілді.