Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 3,8 пайызға өсті

None
АЛМАТЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2011 жылы Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 28,8 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Бұл жайлы банк Төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

Григорий Марченконың сөзіне қарағанда, таза валюталық қорлар 0,2 пайызға азайды. Ал  алтындағы активтер жүргізілген операциялар және әлемдік нарықта оның бағасының 11,6 пайызға өсуі нәтижесінде 36 пайызға артты. Елдің халықаралық резервтері  Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда  73 миллиард долларға дейін 23,2 пайызға өсті.

"Желтоқсанда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 9 пайызға төмендеді, Таза валюталық қорлар 10,8 пайызға азайды. Елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы  активтерін қоса алғанда 3,2  пайызға кеміді. Ақша базасы Ұлттық банктің таза сыртқы активтерінің төмендеуі есебінен 4,3 пайызға, ал тар ақша базасы 3,4 пайызға  тарылды", - ол.