«Ұлы Жеңістің сарбаздары» деректі кинолента қарт жауынгерлер ерліктерінен сыр шертеді

None
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Қазақстан РТРК» акционерлік қоғамы «Қазақстан-Көкшетау» облыстық филиалы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орайластырып қарт жауынгерлер өмірінен сыр тарқатар «Ұлы Жеңіс сарбаздары» шағын метражды деректі киноленталар шығаруды қолға алды,

деп хабарлайды ҚаАқпарат тілшісі.

Қазірдің өзінде аймақта тұрып жатқан қарт жауынгерлердің соғыс жылдарында ерлігі мен ержүректігі, бейбіт өмірдегі қажырлы еңбегінен сыр шертер елу туынды көрермендер назарына ұсынылып, оң бағасын алып отыр. Филиал директоры Жалғасбек Сүлейменовтың айтуынша, 9-шы мамырға дейін аймақтың әр түкпірінде тұрып жатқан соғыс ардагерлерінің өмірін қамту жоспарланған. Жобаның продюсері Серік Сапарұлы, тың ойды іске асыруға жауапты журналист Қалымбек Мұхамеджанов, режиссері Әсем Ыбыраев әр қойылымның өзіндік ерекшелігіне, оның мазмұны мен безендірілуіне, нақтылы деректерге негізделуіне жете көңіл бөлуде. Әр түсірілім күніне бес рет көгілдер экраннан көрсетіліп, арнайы құттықтау парақшамен көмкерілген дискі көшірмесі кейіпкерге ескерткішке табысталуда. Қазірдің өзінде телекөрермендер Қорғалжын ауданындағы қарт сарбаз Ақаш Садуақасовтың, Зерендіден Есләм Иманқұловтың, көкшетаулық Балташ Сейітов пен Асылбек Дәулетовтың соғыс даласындағы ерлік пен ержүрек өмірінен хабардар болды. Жүз кинолентадан тұратын жоба ертеңгі күні жастардың зейін қоя көріп, тамашалайтын туындысы болары сөзсіз.