Үндістанда қажылар мінген автобус өзенге ағып кетті

None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Үндістанның орталығында, Мадхья-Прадеш штатындағы Нармада өзеніне қажылар мінген автобус ағып кеті. 18 адам қаза тауып, тағы да ондаған адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Оқиға Индор қаласынан оңтүстік бағыттағы жолдың 110 шақырымында орын алған, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Автобус ішінде өзенге жуыну үшін тоқтаған қажылар болған. Өзен суы жылдам көтеріліп, автобусты өзенге ағызып кеткен. Автобус ішінде 80-дей адам болған, тек автобус төбесіне мінген он адам ғана өзен ағысынан құтылып, жүзіп шыққан.

Ел билігі төтенше оқиғадан қаза тапқандардың саны артуы мүмкін деп отыр. Құтқарушылар әзірге 18 адамның денесін ғана тапты.