Үндістандағы циклоннан қаза тапқан адамдардың саны 42-ге жетті
09:00, 01 Қаңтар 2012
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Апта соңында Үндістанның оңтүстігінде болған «Тхане» циклонының салдарынан 42 адам қаза тапты, олардың арасында бір Франция азаматы бар. Бұған дейін 33 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.
Тамилнад штатының жағалаудағы Куддалор өңірінің аумағында қаза тапқандардың тіркелген саны 26-дан кем емес. Сондай-ақ қаза тапқандар туралы ақпарат штаттың басқа аудандары мен Пондишери одақтық аймағынан келіп түсті.