Уругвайда марихуана еркін сатылымға шығарылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы шілдеден бастап, Уругвай азаматтарына марихуана еркін сатыла бастайды. Бұл туралы ел  президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Хуан Андрес Робальо мәлім етті, деп хабарлады РИА Новости.

Оның айтуынша, 2 мамырда елдегі каннабис тұтынушыларын тіркеу басталады. «Тіркеу ашылған соң марихуана қабылдаудың қауіпті екенін түсіндіретін науқан басталады, ал шілде айынан бастап оны дәріханаларда сату жоспарланған», - деді Робальо.

Әзірге марихуана сату жүйесіне ресми түрде 16 дәріхана желісі енгізілген. Тағы бір желімен келіссөздер жүргізіліп, жақын арада қол қойылады, деп атап өтті шенеунік.

Робальо марихуананың әр грамы 1,3 АҚШ долларынан сатылатынын хабарлады. Тіркеуге тұрған тұтынушы айына 40 грамм өнім сатып ала алады.

2013 жылдың соңында Уругвай ел тұрғындарына марихуананы шектелген мөлшерде үй жағдайында өсіріп, арнайы карта арқылы дәріханалардан сатып алуына рұқсат беретін заң қабылдады.