Үш жасар қыз бала тоғызыншы қабаттан құлағанымен аман қалды
13:28, 12 Мамыр 2009
МӘСКЕУ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат – Пермьде Большевиктер көшесіндегі 120-сыншы үйдің тоғызыншы қабатында орналасқан пәтердің терезесінен үш жасар қыз бала құлады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Пермь өлкелік Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағанындай қыз бала ата-анасының бақылауынсыз қалған. Бас сүйек-ми жарақатын алған, ішкі ағзалары үзілген сәби ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.