Ұйытқып соққан жел мен жаңбыр еліміздегі астық жинау қарқынын төмендетуі мүмкін - Қазгидромет

None
СТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Ұйытқып соққан жел мен жаңбыр еліміздегі астық жинау қарқынын төмендетуі мүмкін,

деп хабарлады Қазгидромет.

Ауа райы болжамына сәйкес, таяу аптада (қыркүйектің 4-і мен 10-ы аралығы) Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі байқалады, ал қалған аймақтарда біркелкі температура фоны сақталады. Ұйытқып соғатын жел мен жаңбыр маусымның басында батыста, маусымның ортасында солтүстік пен орталықта және маусымның соңында еліміздің оңтүстігі мен шығысында күтіліп отыр. Бұл астық жинау қарқынын төмендетуі мүмкін.

Сонымен қатар, алда болатын жаңбыр мен ұйытқыған жел республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жемшөп дайындауда қиындықтар тудыруы мүмкін.