Ванкуверде Қазақстанның шаңғышы қыздар құрамасы командалық жарыста 10-шы орынды місе тұтты

None
СТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Құрамына Елена Коломина, Оксана Яцкая, Татьяна Рощина және Светлана Малахова-Шишкина кірген Қазақстан құрамасы шаңғышылардың 4х5 қашықтықтағы командалық жарысына қатысты.

Жарыс жолына он бірінші болып шыққан біздің қыздар, үшінші айналымда бір қатарға кейін шегінді, бірақ келесі айналымда Светлана Малахова-Шишкинаның арқасында қайтадан екі орынға жоғарылады. Сөйтіп, біздің шаңғышы қыздар 10-шы орынды қанағат тұтты.

Жарыстың алғашқы үш жүлдегеріне келетін болсақ, олар:

1. Норвегия
2. Германия
3. Финляндия