Ванкувердегі Олимпиадада тағы бір қайғылы оқиға орын алды
16:07, 23 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Ванкуверде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына қызмет көрсететін қызметшілерді тасымалдайтын автобустың жүргізушісі, дүйсенбі күні, көлік құралын жүргізіп келе жатқан кезінде, рөлде отырған жерінде жүрек талмасынан көз жұмды.
Алайда жол апаты болған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап. Қайтыс болған жүргізуші Олимпиадада шарт бойынша жұмыс істеген. Жасы 71-ге қараған шағында оның жүрек соғысы тоқтады. 2010 Ұйымдастыру комитетінің өкілі осы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтуын білдірді.