Виктор Ющенкоға қарсы алғашқы айыптаулар айтыла бастады

None
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Украинаның Коммунистік партиясы Виктор Юшенконың президент кезіндегі қызметін тексеру бастамасын көтермек. Бұл туралы партия жетекшісі Виктор Симоненко ұйымның ресми сайтында жарияланған мәлімдемесінде айтты,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Коммунистердің пікірінше, кешеден бері Украинаның экс-президенті атанып отырған Виктор Ющенко қару-жарақтың заңсыз саудасына, кәсіпорындардың рейдерлік жекешелендірілуіне, жер телімдерін басып алуға қолдау көрсеткен. Оған қоса В.Ющенко ұлтшылдардың қолтығына су бүрікті деп айыпталып отыр.

П.Симоненко, компартияның президентке импичмент жариялау және жауапқа тарту мәселесін бірнеше рет көтергенін атап көрсетті. «Бірақ та, В.Ющенко президентке қолсұқпаушылықты пайдаланып, жауапкершіліктен құтылып кетіп отырды», дейді П.Симоненко.

Енді ондай тосқауыл жоқ, экс-президент билік жүргізген кезіндегі «саяси және әлеуметтік геноциді үшін» Украина халқының алдында жауап бере алады, деп санайды компартия жетекшісі П.Симоненко.

Мұның В.Ющенконың атына айтылып отырған бірінші айыптау емес екенін, экс-президенттің «көзіне шұқитын» әлі де біраз мәселелер бар екенін айта кету керек. Атап айтқанда, оның Степан Бандераға Украина батыры атағын беру туралы соңғы саяси шешімдерінің бірі үлкен пікірталас туғызған болатын.