Ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық бастамаларға қатыса отырып, Қазақстан әлемді бұрынғыдан гөрі қауіпсіз етуге ұмтылады

None
АСТАНА. Сәуідің 3-і. ҚазАқпарат Ядролық қаруды таратпау жаһандық бастамаларына қатыса отырып, Қазақстан жай бақылаушы болып қалмай, әлемдік қоғамдастықтың ілкімді мүшесі болу үшін үн қосады.

Қазақстанның ядролық қаруы таратпау саласындағы бастамалары Ядролық қаруды таратпау туралы шартты жүзеге асыруға практикалық үлес болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алған тұста әлемдегі ірі ядролық держава болуына мүмкіндігі бар еді, өйткені республикаға әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық арсенал мұра болып қалған болатын. Қазақстан Украинадан және Беларустан анағұрлым бұрын ядролық тактикалық қаруларды шығаруға еш қарсылықсыз жәрдемдесті және бұл Қазақстанның ядросыз мемлекет болуға ұмтылысының тағы бір көрінісі болды. Экономикалық әлеуеті қуатты және саяси салмағы мол мемлекет алғашқы болып осындай тұрақсыз аймақта ядролық қарудан бас тартты.

Қазақстан осы акті арқылы халықаралық қоғамдастыққа өзінің сыртқы саясатының ашықтығын, зомбылық пен әскери қауіптен ада бейбітшілікті жақтайтынын паш етті.