Янукович Назарбаевтың идеясын іске асырмақ

None
СТАНА. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат - Украина «Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізінің өз аумағынан өтуіне мүдделі. Бұл туралы Украина президенті Виктор Янукович Гонконгтің іскер топтары өкілдерімен кездесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

«Мен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жаңа көліктік дәлізін салу жөніндегі қазақстан-қытай бастамасының зор әлеуетін көріп отырмын және ол Украина аумағы арқылы да өтетініне сенемін», - деді Янукович, деп хабарлады MinProm.ua ақпараттық агенттігі.

Осы кездесу кезінде ол қытайлық кәсіпкерлерді Украина экономикасына, оның өнеркәсібіне, аграрлық саласы мен ғылымына инвестиция салуға шақырды. «Біз үшін Украинаға инвестиция салу, оған Қытай сияқты мемлекеттердің назарын аудару өте маңызды», - деп атап көрсетті В.Янукович. Сонымен қатар ол Украина экспортқа бағдарланған мемлекет екенін атап көрсетті, ел өнімдерінің 60 пайызы экспортқа шығарылады. «Осыған байланысты Украина әлемдік нарықтағы украин өнімдерін ұстап тұрумен қатар. оны кеңейте түсетін болады», - деді В.Янукович.

Баршаға белгілі, бүгінгі таңда Батыс Қытайдың игерілмеген аумақтарынан Қазақстан арқылы одан әрі Батыс Еуропаға тартылып жатқан жаңа халықаралық көлік дәлізін құру идеясын бұдан бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, В.Янукович қыркүйектің 2-5-і аралығында ҚХР-да мемлекеттік сапарда жүр, оның барысында қытайлық басшылармен кездесулер және келіссөздер өткізілуде, сондай-ақ ол ірі іскерлік орталықтарда, Шанхай мен Гонконгта болады.