«Замандас» клубында ардагерлер ән айтады, спортпен айналысып, шахмат ойнайды, өлең шығарады - Павлодар

None
ПАВЛОДАР. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы соғыс және еңбек ардагерлерінің «Замандас» клубы өткен жылдың аяғында өзінің екі жылдығын атап өтті.

Жайлы ескі оңаша үйдің қонақ бөлмесі, кітапханасы мен музыкалық бөлмесі әрқашан адамдарға толы - бұл жерге өмірді сүйетін адамдар жиналады, ал олар қалада аз емес.

 «Ардагерлердің көркемдік ұжымдары концерттер қойып, жергілікті ақындар мен жазушылармен шығармашылық кештерін, шахмат бойынша жарыстар өткізіп тұрады. «Замандас» қатысушылары поэзиямен әуестенеді -мерейтойға орай үздік тақпақтар мен өлеңдер байқауы жарияланды. Жақында клубта қазақ тілін үйрену үйірмесі ұйымдастырылды - бұл жастар үшін жақсы үлгі болып келеді», - деп атап өтті клубтың директоры Қабидолла Шәкірімов.

 «Салауатты өмір салты» клубы да белсенді жұмыс істеуде - ақсақалдар жүзумен, жеңіл атлетикамен айналысып, «Көңілді старттар» жарыстарын өткізіп отырады.

Ардагерлер клубтары Ақсу және Екібастұз қалаларында, Павлодар облысының көптеген аудан орталықтарында егде жастағы адамдардың демалыс және қарым-қатынас орталықтарына айналды.