Жала­ғаш ауданын газдандыру жобасының маңызы мен атқарылу барысы нақтыланды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 6-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының басшылары Жала­ғаш ауданын газдандыру жобасының маңызы мен атқарылу барысын нақтылап берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай маңызды жобалар негізінде аудан экономикасын дамытудың мүмкіндігі артып, тұрғындар сапалы «көгілдір отын» тұтынуға қол жеткізеді деп күтілуде. Осынау ауқымды жұмысты бастау үшін компания басшылары бірінші кезекте жергілікті атқарушы органнан кеңсе ғимаратын салуға жер телімін бөлуді сұрады. Кездесуде аудан басшысы аталмыш акционерлік қоғам басшылығының талаптары назарға алынып, жан-жақты қолдау көрсе­тілетіндігіне сендірді.