Жалқаулық та атадан балаға беріледі екен
13:34, 07 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Адамның өмір сүру стилі де атадан балаға беріледі екен. Калифорния университетінің ғалымдары осындай күтпеген фактіні анықтап отыр, деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі британдық "Дейли телеграф" басылымына сілтеме жасап.
Тереңдете жүргізілген зерттеулердің барысында ғалымдар, жалқаулықтың да генетикалық негізі бар екенін және оның да ата-анадан балаларға берілетінін анықтап отыр. Мінез-құлықпен қоса, адамның белсенділігі, оның спортқа деген әуестігі де атадан балаға беріледі екен.
«Біз жасап отырған түйіннің адамның денсаулығына тікелей әсері бар», - дейді осынау зерттеудің жетекшісі профессор Теодор Гэрлэнд. «Жалқаулық пен адам белсенділігінің төмендігі де генетикалық мұра болып табылатындықтан, оларды келешекте жаңа буын дәрілерінің көмегімен емдеуге болатын сыңайлы», - дейді ол.