Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында пневмококк инфекциясына қарсы 132 432 бала егілді

None
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 11 айында Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында пневмококк инфекциясына қарсы 132 мың 432 бала егілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде пневмококк инфекциясына қарсы егу шаралары кезең-кезеңмен жүргізілуде.

Мәселен, 2010 жылы егу жұмыстары Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында басталып, 117 708 бала егілді. Ал 2011 жылы аталмыш жұмыстар Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жалғасып, 132 432 егілді. Аталған өңірлерде вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

2012 жылы пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта аталған 7 өңір үшін 2012 жылға пневмококк вакцинасына сатып алынды.

«Пневмококк инфекциясы әлемде жыл сайын 5 жасқа дейінгі балалар арасында 1 млн. жуық өлім-жітімге апарып соқтыратын, балалардың сырқаттанушылығы мен өлім-жітімінің ең көп таралған себептерінің бірі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды балаларды иммундаудың ұлттық бағдарламаларына енгізуді ұсынды. ДДҰ деректері бойынша егу арқылы 2030 жылға қарай әлем бойынша 5,4-7,7 млн-ға дейін балаларды өлім аузынан аман алып қалуға болады.