Жамбыл облысының 2011 жылғы қорытындысы аймақтық жалпы ішкі өнімнің үлесі жоғары көрсеткішті көрсетті
17:49, 10 Қаңтар 2012
ТАРАЗ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының 2011 жылғы қорытындысы бойынша аймақтық жалпы ішкі өнімнің үлесі жоғары көрсеткішті көрсетті, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтық жалпы ішкі өнім 12, 4 пайызды құрады, бұл көрсеткіш өз алдына республика өңірлері бойынша (Қазақстан бойынша аймақтық жалпы ішкі өнімнің орташа деңгейі 7, 2 пайыз) ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.
Өткен жылы аймақтық жалпы ішкі өнімнің көлемі 532 млрд. теңгеден астам соманы құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғары.
Облыс бойынша аймақтық жалпы ішкі өнімнің үлесі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, транспорт пен байланыс сияқты экономиканың негізгі салаларымен қамтамасыз ету арқылы өсіп, жүзеге асып отыр.