Жамбыл облысының әкімі өз блогын ашты
15:35, 25 Ақпан 2010
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев өз блогын ашты,
деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
«Бүгінде, ақпараттық технология дамыған кезде біз, жергілікті атқарушы билік, осы аймақтағы әрбір тұрғынның әлемдік ақпараттық кеңістікке шығуына барлық жағдайды жасауға тырысатын боламыз. Облыс әкімдігінің ресми сайтының көмегі арқылы, біздің аймақтағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік -экономикалық жағдайымен танысатын боласыздар», - деді Қ.Бозымбаев облыс тұрғындарына арнаған сөзінде.
Әкім облыс тұрғындарына осы блогтың көмегімен өзімен тікелей байланысқа шығып, өз сауалдарын қоюға, ой-пікірлерімен бөлісуді ұсынды. «Өз кезегімде, мен және менің көмекшілерім, тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды», дейді әкім.