Жамбыл облысының жергілікті тұрғындары қардың астынан 2 ересек адам мен 3 баланың мәйітін тапты
08:58, 04 Қаңтар 2012
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - 3 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданының Көктөбе ауылынан 30 шақырым жерде кешкі 8-де жергілікті тұрғындар.қардың астынан үсіп өлген 39 жастағы ер адам мен
30 жастағы әйелдің және 4, 6, 8 жасар 3 баланың мәйітін тапқан.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.