Жаңақорған ауданында жалпы құны 92 млн. теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылады
10:36, 12 Қаңтар 2012
ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Еліміздің индустриялық картасына Жаңақорған ауданы бойынша жалпы құны 92 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба енгізілді.
Қазірге дейін осы жобалардың 5-еуі іске қосылды. Бұлардың біреуі республикалық деңгейде болса, қалған төртеуі аймақтық дәрежедегі жобалар болып табылады. Соның ішінде Кейден елді мекені маңындағы «СКЗ-U» ЖШС-нің құрылысы аяқталды. Зауыт толық қуатында іске кіріскенінде жылына 10 млрд. теңгенің өнімін өндіретін болады. Ауданда өндіріс саласымен қоса, аграрлық салада да тың серпілістер бар. Соның бірі - Кеңес ауылында жалпы құны 500 млн. теңге тұратын «Тату Агро» ЖШС-нің томат өндіретін зауыты іске қосылып, жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ Қаратөбе ауылдық округіндегі құны 75 млн. теңге болатын жылыжай да өз жемісін бере бастады.