Жаңаөзен мектептерінде және мектепалды білім беру мекемелерінде сабақ басталады - облыс әкімдігі

None
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - 5 қаңтар күні Жаңаөзен мектептерінде және мектепалды білім беру мекемелерінде сабақ басталады, деп хабарлайды pm.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыстық білім беру басқармасының 19 желтоқсандағы  бұйрығына сәйкес, 19 желтоқсаннан бастап 4 қаңтарға дейін Жаңаөзен қаласының мектепалды білім беру мекемелері мен мектептерінде мерзімінен бұрын демалыс жарияланған. Яғни, 5 қаңтардан бастап барлық мектептерінде сабақ басталып,  мектепалды білім беру мекемелерінде тәрбие үрдісі жалғасады. Ертеңнен бастап балаларды қабылдай бастаймыз», - деп мәлім етті бүгін Жаңаөзен қалалық білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жаңабай Аймағанбетов.

Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, мерзімінен бұрын енгізілген демалыс оқу процесіне әсер етпейді.

«Демалыс күндеріне байланысты балаларға түсетін салмақ көп болмайды. Біз қысқы демалыстарды 30 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін жоспарлағанбыз. Демалыс оқуға ешқандай әсер етпейді, сабақ мемлекеттік білім беру стандартына сай жүргізіледі», - деп мәлім етті ол.