Жаңаөзенде әрбір жасқа 20 мың теңгеден беріп, арақ ішкізген - Н.Назарбаев
«Сіздер бұның барлығы қалай болғандығын өте жақсы білесіздер. Бейбіт халық мерекеге келді, міне осы бұқараға мас әрі қарулы арандатушы адамдар араласты - шолақ мылтық таратылған. Барлығы қасақана жасалды. Ал бұл мезетте полицейлердің қолында ешқандай отты қару болған жоқ, міне олардың бастарынан ұрды, олар құлап қалған кезде көмекке ұмтылғандардың ешқайсысын жақындатпады. Олар бұл жағдайда не істеу керек еді? Егер оларға шабуыл жасалса, онда олардың қару қолдануға заңды құқығы бар. Дегенмен ештеңеге қарамаған полицейлер соңғы мезетке дейін әуеге оқ атты, бұл көмектеспегеннен кейін жерге ата бастады, ал арандатушылар мен ұйымдастырушылар халықты алға жетелеп отырды. Тергеу - бұл бір күннің мәселесі емес. Арандатушылар өз істерін жасап, бой тасалады. Олардың жартысын біз қазірдің өзінде ұстадық, дегенмен Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандар тіпті бой көрсетпеген. Жаңаөзенде әрбір жасқа 20 мың теңгеден беріп, арақ ішкізген», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Маңғыстау облысы активімен және мәслихат депутаттарымен кездесуде. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.
«Біз бұл істі байыпты тергеп, әрбір өлім-жітімді жеке-жеке тексереміз. Әлемнің қай түпкірінде болса да біз ұйымдастырушыларды іздейтін боламыз. Сот болады және кінәлілер жазасын алады. Ал топтың ықпалына ерген мұнайшылар шынымен де кінәсіз болса, оларды босатады», деп атап өтті Н.Назарбаев.