Жанармай бағасын қайта қарастыру керек - Данияр Берлібаев

None
АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ-ның бас директоры Данияр Берлібаевтың пікірінше, жанармай бағасын қайта қарастыру керек. Бұл туралы ол бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, егін орағы науқанында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арналған жанармай бағасы көктемгі егіс кезіндегі баға деңгейінде сақталуы мүмкін. «Атап айтқанда, егін орағына тоқталсақ, қазіргі кездегі үрдіс сақталса баға қалпында қалуы мүмкін. Немесе өсуі де ықтимал», деп атап өтті ол.

Д. Берлібаевтың пікірінше, сәуір айында жанармай бағасын қайта қарастыру керек болады. «Алайда, Үкімет қазіргі кезде сәуір айында баға қайта қаралмайтынын мәлімдеді. Сондықтан, біз осы мақсатты орындаймыз.», деді Д. Берлібаев.