Жапон теңізінде мұхит құбыжығы жағалауға шығып қалды
16:34, 23 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Жапон теңізінің жағалауларынан алып кальмар табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Токио бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлағанындай, өлі моллюсканың қысқыштарын қоса алғанда жалпы ұзындығы - 3 метр 40 сантиметрді, ал денесінің өзі бір жарым метрді құрайды. Мұхиттың тұңғиығында өмір сүретін тіршілік иесінің салмағы 110 келіні тартады.
Таяу уақыттары мұхит құбыжығы Жапонияның астанасына жіберіледі. Онда Ұлттық табиғат және ғылым мұражайының ғалымдары оны зерттеумен айналысатын болады.