Жапониядағы ең қуатты компьютер бейбіт атомға қызмет ететін болады
14:45, 02 Наурыз 2010
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Жапонияның атом өнеркәсібі елдегі ең жедел жұмыс істейтін компьютерді өз қарауына алды.
«Фудзицу» корпорациясының жаңа есептегіш жүйесі зерттеу орталықтарының бірінде іске қосылды. Суперкомпьютер секундына 180 триллионнан астам операция жасай алады және жылдамдығы жағынан әлемде 19-шы орынға шықты, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Компьютер лизингісі үшін «Фудзицу» корпорациясы алдағы 4 жылда 67 миллион долларға ие болады.