«Жасыл орманда» 400 солтүстікқазақстандық соғыс және еңбек ардагері тынығатын болды

None
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ағымдағы жыл ішінде Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданында орын тепкен «Жасыл орман» шипажайында әлеуметтік бағдарламаға сәйкес 400 солтүстікқазақстандық соғыс және тың ардагері, зейнеткерлер мен мүгедектер денсаулықтарын түзеп, тынығып қайтатын болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шипажай директоры Дүйсенбек Аманжоловтың мәлімдеуінше, олардың барлығы дерлік тегін емдеу және сауықтыру шараларымен қамтылады. Ол үшін тынығу және сауықтыру мекемесінде 40 түрлі ем-дом шаралары жасалып, жүзу бассейні, тренажер, стол теннисі, кітапхана игілікті қызмет көрсетпек. Оның сыртында саф ауада тыныстауға орай 20 туристік маршрут ескеріліп, Астана, Көкшетау мен Щучье қалаларына саяхат жасау қарастырылған. Жалпы мұнда бір мезгілде 300 адам тыныға алады. Өткен жылы мекемеде 8 миллион теңге төңірегінде қаржы жұмсалып, жөндеу жұмыстары шешімін тапқан. Алдағы уақытта көл жағалауында шағын футбол алаңы, интернет-кафе, балалар ойын алаңы іске қосылатын болады.

Өткен жылы жасыл орманда үш мың адам денсаулықтарын түзеп, тынығып қайтса, олардың 400-і - еліміздің әр түкпірінен келген соғыс және еңбек ардагерлері.