Жауапкершілікке тартылудан қашпаймыз – Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт жайлы

Фото: t.me/Kzgovernment
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өзінің отставкасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Бас Прокуратура тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Егер оның барысында жұмысыма қатысты сауалдар туындайтын болса, онда ол үшін біз жауапкершілікке тартылудан еш қашпаймыз», - деп пікір білдірді Зүлфия Сүлейменова.

Сонымен қоса ведомство басшысы Семей орманындағы өртті жедел ауыздықтауға кедергі болған жағдайларға да тоқталды.

«Абай облысындағы өрт оқиғасына материалдық-техникалық базаның төмендігі де әсер етті. Қазір қолданыстағы ескі техникаларды есептен шығару қажет», - деп жауап берді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.