Жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың елеулі бөлігі мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардағы мемлекеттік сатып алулар саласында орын алады

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың елеулі бөлігі мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардағы мемлекеттік сатып алулар саласында орын алады, делінді аймақ басшысы Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткізілген жемқорлыққа қарс күрес жөніндегі облыстық комиссияның отырысында.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижесінде аймақ көлемінде 85 қылмыстық іс тіркеліп, оның 62-сі (72,9 пайыз) облыстық басқармалар, Тараз қаласы мен аудандардың әкімдіктеріне қатысты болды. Мәселен, ауылдық округтердің әкімдері мен балалар бақшаларының меңгерушілері бестен қылмыс жасады, 11-і орта мектептер директорларына қатысты, қалған қылмыстар облыстық және аудандық деңгейлердегі түрлі санаттағы мемлекеттік қызметшілердің үлесінде.

Жиырмадан астам қылмыстық іс ҚР министрліктері мен аймақтық ведомстволары органдарының қызметкерлеріне қатысты қозғалған (олар ІІД, КБД, сот орындаушылар, көші-қон жөніндегі комитет, фармацевтикалық қадағалау, қаржы полициясы, салық комитеті департаменттері, «Қазпошта» АҚ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп инспекциясы).

Кеңес барысында атап өтілгендей, үстіміздегі жылы 153 жемқорлық қылмыс тіркелді, оның 96-сын Тараз қаласы мен аудандардың әкімдіктері, облыстық басқармалардың қызметкерлері жасаған.

2010 жылға жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелерін қорытындылаған облыстық комиссия, мемлекеттік сатып алуларды жүргізуді орталықтандыру қажет деген шешімге келді. Сараптама көрсетіп отырғандай, Жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың елеулі бөлігі қызметтің осы саласында орын алады.