Жетібай кен орнында ұңғымалардың бірінен мұнай атқылады - ҚР ТЖМ

None
СТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ға тиесілі Жетібай кен орнының №1191 ұңғымасының сағасынан сыртқа мұнай атқылады.

Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Төтенше оқиға өткен жексенбі күні 12 сағат 25 минутта орын алды. ТЖМ-ның ақпараты бойынша ұңғыма сағасының ластанған аймағы 200 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.