Жол полициясы: БҚО-да өткен жылы есепке қойылған көлік құралдарының саны 28,3 пайызға көбейіп отыр
12:54, 06 Қаңтар 2012
ОРАЛ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 31657 көлік құралы есепке қойылған, бұл 2010 жылғыдан (24666) 28,3 пайызға көп.
Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы 21362 адам жол қозғалысы ережесі жөнінде емтихан тапсырған, бұл алдыңғы жылғыдан 2,6 пайызға кем.
БҚО аумағында жалпы 144298 көлік құралы тіркелсе, соның 124962-сі жеке, 19336-сы заңды тұлғаларға тиесілі. Өткен жылы 82635 техника байқаудан өтіп, соның 2437-сі сынық деп табылған.