«ЖОО үздік оқытушысы-2011» мемлекеттік грант иегерлері қатарында батысқазақстандық ғалым да бар

None
ОРАЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры,

 экономика ғылымдарының докторы Лилия Мерғалиева ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізген республикалық байқаудың қорытындысы бойынша «ЖОО үздік оқытушысы-2011» мемлекеттік грант иегері атанды.

Конкурстық комиссия еліміздің 84 жоғары оқу орындарынан түскен 600 оқытушының жұмысын қарап, ең таңдаулыларын атап отыр. Байқау жеңімпаздарына 3,5 млн. теңге көлемінде бір жолғы мемлекеттік грант беріледі.

Бұл БҚМУ-дың экономикалық теория мен бизнес кафедрасының меңгерушісі Лилия Мерғалиеваның көп жылғы еңбегінің жемісі іспеттес. Енді ол ғылыми ізденістер аясын одан сайын кеңейтуге мүмкіндік алып отыр.