Жүлде қоры – 4,5 млн теңге: «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы басталды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, патриоттық рухты нығайту және ұлттық құндылықтарға құрметті арттыру мақсатында «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы жарияланды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Конкурс мобилография, шығармашылық жұмыстар және ғимараттар мен аулаларды безендіру бағыттары бойына ұйымдастырылды.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 500 000 теңге.

Өтінімдер 2025 жылғы 6 қазаннан 22 қазанға дейін қабылданады. Қорытынды іс-шара Астана қаласында 25 қазан – Республика күні өтеді.

Байқау ережесі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланған.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74 05 51 телефонына хабарласуға немесе өтінімдерді bolashakkazakhstan2025@mail.comэлектронды поштасына жолдауға болады.

Ақтөбеде халықаралық «Әдебиет. Рух. Қоғам» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталғанын жазған болатынбыз.