Жыл соңында республикалық бюджет тапшылығы 603 млрд. теңге көлемінде болжануда

None
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жыл соңында республикалық бюджет тапшылығы 603 млрд. теңге көлемінде болжануда. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, республикалық бюджет орындалуының күтілетін болжамы өткн жылғы деңгейдің 99,2 пайызын немесе 5 трл. 132 млрд. теңге көлемін құрайды.

«Жергілікті атқарушы органдардың назарын мақсатты трансферттерді жедел игеру қажеттігіне аударғым келеді», - деп атап өтті министр.

Б.Жәмішевтің сөзіне қарағанда жыл соңындағы республикалық бюджеттің тапшылығы 603 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл жоспардан 127 млрд. теңгеге кем әрі жалпы ішкі өнімнің 2,3 пайызын құрайды.