15:38, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
1- Мамыр еліміздің этностарын одан сайын жақындастыра түсуі тиіс- Мемлекет басшысы
АНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 1 мамыр біздің этностарымызды одан сайын жақындастыра түсуі шарт. Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-нші сессиясында Елбасы, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы тұңғыш рет Қазақстан халқы бірлігінің күні қарсаңында өтіп отыр. Биылғы 1-мамырды біз алғаш рет жаңа форматта атап өтетін боламыз. Бұндай тапсырманы мен өткен жылы Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында айтқан едім. Осыған орай, Қазақстанның барлық өңірлерінде шерулер өтіп, патриоттық акциялар ұйымдастырылады. 1 мамыр біздің еліміздің этностарын одан сайын жақындастыра түсуі шарт. Бұл біздің ең басты мерекелеріміздің бірі болады. Біз сіздермен Қазақстанның берік қабырғасын қаладық, шаңырағын биіктеттік. Біз өзіміздің бірегей, тату қазақстандық отбасымызды құрдық. Мен сондықтан да қадірлі отандастарымызды, келе жатқан мерекелерімен құттықтаймын», -деді Елбасы.