17:12, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
1 мамыр күні Ақтөбеде мерекелік шеру болады
АҚТӨБЕ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/- 1 мамыр күні Қазақстан халқының Бірлігі күні еліміздің басқа қалаларында секілді Ақтөбеде де мерекелік шеру ұйымдастырылатын болады,

деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Таңғы сағат 10.00-де ақтөбеліктердің мерекеге дайындалған легі Әбілхайыр даңғылы бойынша «Әлем» іскер орталығынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябаққа дейін жүріп өтеді.
Мерекелік шеруге этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері, студент жастар, бюджеттік ұйым қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, қаладағы кәсіпорындардың еңбек ұжымдары қатысады.