10:59, 01 Мамыр 2013 | GMT +5
1 мамыр мейрамын Байқоңыр арқа-жарқа тойлауда
БАЙҚОҢЫР. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында мамыражай мамырдың алғашқы күні көркем гимнастика бойынша қалалық біріншіліктен бастау алды. Жылдағы дәстүрге сай ғарыштың бас қаласы мерекені спорттық жарыстармен қарсы алады.

Қазақстан халқының бірлігі күніне және ресейлік көктем және еңбек мейрамына арналған шаралардың шымылдығы түске қарай қалалық мәдениет және демалыс саябағында ашылмақ.
«Союз» кинотеатрында қаланың тұрғындары мен меймандары мерекелік бағдарламаға куә болады. Балғындар суретшілік өнерлерін паш етіп, өзара байқауда бақтарын сынамақ. Олар үшін «Ертегілер әлемі» тақырыбында байқау әрі ойын-сауық бағдарламасы әзірленген.
Байқоңыр қласында түтін түтететін ресейліктер РФ Үкіметінің қаулысы бойынша 4 күн демалса, отандастарымыз үшін ертең жұмыс күні.