1 мамырда субұрқақтар іске қосылады -Павлодар

ПАВЛОДАР. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні Павлодарда субұрқақтар іске қосылады,
None
None

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

«Облыс орталығында барлығы 20 субұрқақ бар. Біз олардың құбыр желілерінің бәрін тазарттық, қазір су және электр есептегіштерін орнатып жатырмыз. Содан кейін су жібереміз», - дейді «Қалалық коммуналдық шаруашылық» кәсіпорнының бас инженері Жаңабай Исаев.

Қазан айының соңына дейін өшпейтін субұрқақтарды күтіп-ұстауға бюджеттен 27 миллион теңге бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар