1 сәуірдегі жағдай бойынша салық және төлемдер бойынша төленбеген салық 251 млрд теңгені құрады - Қаржы министрі

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық және төлемдер бойынша төленбеген салық 251 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

«2011 жылғы 1 сәуірдегі қалыптасқан жағдайға сәйкес, салық және төлемдер бойынша төленбеген салықтар өсті және жалған кәсіпорындардың төленбеген салықтарының өсімі салдарынан 251 млрд. теңгені құрап, жыл басынан бері 41,5 млрд. теңгеге ұлғайды әрі есепті кезеңде 183,6 млрд. теңгеге жетті», - деді ол.

Сондай-ақ Б.Жәмішевтің атап өтуінше, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының төленбеген салықтары өткен жылдың динамикасымен салыстырғанда бірінші тоқсанда 0,3 пайызға өскен. Яғни 1 сәуірдегі жағдайға сәйкес ұйымдардың ағымдық аударымдары бойынша міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы төленбеген көлемі 3,4 млрд. теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар