1 шілдеден бастап Қазақстанда виза беру тәртібіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 1 шілдеден Виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу және визаларды беру тәртібіне (ҚР СІМ және ҚР ІІМ 2016 жылғы 26 қарашадағы №1100 бірлескен бұйрығы) енгізілген өзгертулер өз күшіне енеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
None
None

«Қазақстан Республикасы аумағына шетелдіктердің енуіне шақырту жіберу мерзімі қысқартылды. Шақыртуды виза алушының Қазақстанға келуіне дейін 5 күннен кешіктермей жіберу керек. Бұған дейін бұл мерзім 14 күнді құраған. Шақыртуда шетелдік азаматтың Қазақстанда тоқтайтын мекенжайы және жүретін жерлері көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, шақыртуда Қазақстан Республикасының арнайы елді мекендеріне сәйкес келетін әкімшілік-аумақтық нысан жіктеуішінің коды көрсетілетін болады. Кодты төмендегі сілтеме бойынша білуге болады.

Шетелдік азаматта Қазақстанның визасы болған жағдайда ол көші-қон органдарында тіркелмейді, себебі елдегі тоқтаған мекенжайы мен жүретін жерлері шақыртуда көрсетіліп тұрады.

Қолданыстағы визаның мерзімін ұзартуға кұжат тапсыру үшін 30 жұмыс күнінен кешіктірмей және визаның мерзімі аяқталғанға дейін 5 күн бұрын өтініш білдіру керек.

Соңғы жаңалықтар