12:50, 15 Қараша 2011 | GMT +5
10 айда ҚР ұлттық қорына 2 трлн. 800 млрд. теңге түсті - Б.Жәмішев
ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2011 жылдың 10 айында ҚР ұлттық қорына 2 трлн. 800 млрд. теңге түсті.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«2011 жылдың 10 айында ҚР Ұлттық қорына 2 трлн. 800 млрд. теңге түсті. Тұтас алғанда 2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ұлттық қордың қаражаты 7 трлн. 491 млрд. теңгені құрады», - деді ол.
Қаржы министрінің атап өтуінше, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 4 трлн. 535 млрд. теңгені немесе жоспардың 93,8 пайызын құраған. Ал республикалық бюджет 3 трлн. 935 млрд. теңгеге атқарылған. Бұл жоспардың 96,1 пайызына тең.
«Республикалық бюджетті атқарудың кейінгі қалуы 161 млрд. теңгені немесе есепті кезеңге жоспарланған шығыстардың жалпы сомасының 3,9 пайызын құрайды», - деді Б.Жәмішев.