«100 қадам» бағдарламасы Қазақстанға әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндік береді - Ә.Мұқышев

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша жасалған «нақты 100 қадам» құжатын мемлекеттің одан әрі дамуын қамтамасыз ететін жоспар деп атауға болады. Егер бұл жоспар іске асса, Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіретінін айтуға болады», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Павлодар облыстық индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Әнуар Мұқышев.
None
None

Әнуар Мұқышев Ұлт жоспарында экспорт тауарларын әлемдік нарыққа шығару үшін өңдеу секторы туралы айтылған 55-ші қадамды іске асыру үшін аймақта қандай жұмыс атқарылып жатқанынан хабардар етті.

«Бізде табысты дамып отырған, экспортқа жұмыс істеп немесе болашақта шетелдік нарықтарға шығатын бірқатар компаниялар бар.

Мысалы, Австралияның «Орика-Қазақстан» компаниясы. Ол 2012 жылы Екібастұзда «Индустрияландыру картасы» бойынша 100 пайыз шетелдік компанияның қатысуымен іске қосылды. Компания жарылғыш химикаттарды шығарады. Өнімдер әзірге жергілікті нарық үшін шығарылып отыр. Ол «Богатырь Көмір» ЖШС, Босшакөл КБК-мен бірге жұмыс істейді. Жергілікті нарықты қамтыған кезде, жақын аймақтарға шығады. Болашақта мұндай жоспар бар.

Егер «Нефтехим ЛТД» компаниясын алатын болсақ, олар полипропилен мен бензинге эфир қоспаларын экспорттаумен айналысады. Бұл - алдыңғы қатарлы кәсіпорын.

Біз сапасы өте жақсы кабельдік-сым өнімдерін экспорттаймыз. Болашақта Павлодар электролиз зауытында шығарылатын алюминийді қолдану арқылы түрлі сымдарды шығару ісін кеңейту жоспары бар.

Қазақстанда көлік жинайтын екі өндіріс бар - бізде олар үшін алюминий дисктерін шығаруға болады. Бұл жобаға қытайлық фирмалардың бірі қызығушылық танытып отыр, ол қарастырылып, есептеу жүргізіліп отыр, Қытайдан банкирлерді күтіп отырмыз. Бұл өндіріс облыстың экспорттық әлеуеті болмақ. Бізде химияны дамыту үшін «Павлодар» АЭА бар, уақыт өте келе, оған көптеген инвесторлар тартылады. Бізде мұнай өңдейтін кәсіпорын бар, оның бар болуының өзі үлкен жетістік, себебі мұнай өнімдерін одан әрі өңдеуге, түрлі химия өнімдерін шығару ісін кеңейтуге жол ашып отыр», -деді ол.

Әнуар Мұқышевтің айтуынша, биыл Павлодар облысында Индустрияландыру картасы бойныша жалпы сомасы 435 млрд. теңгені құрайтын жеті ірі жоба енгізіледі. Жаңа заманауи кәсіпорындарда 2260 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар