11:22, 07 Желтоқсан 2015 | GMT +5
100 келі сирек кездесетін балықты тірідей әкетіп бара жатқан ресейліктер ұсталды - ШҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің шығысында орналасқан «Аул-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары (қазақ-ресей шекарасы) осы жылдың 5-желтоқсаны күні күндізгі 14 сағат 30 минут шамасында Қазақстаннан Ресейге жол тартқан РФ екі азаматын қолға түсірді.
Олар мінген «Тойота Ленд Крузер» автокөлігін шекаралық тексеру кезінде оның ішінен сирек кездесетін ускуч балығы табылды. Тірідей әкетіп бара жатқан балықтардың салмағы 100 келі болып шықты.
Аталған дерек бойынша материалдар Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық ішкі істер бөліміне берілетін болады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.