100 нақты қадам: Сот сатылары оңтайланып, сот төрелігінің сапасы артады - Ж.Бердіғұлова

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық сотында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы заң үстемдігін қамтамасыз ету шараларын талқылауға арналған кеңес өтті, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы - сот алқасының төрағасы М.Шегенов, Астана қаласының судьясы - сот алқасының хатшысы Р.Жакудина, отставкадағы судья Т.Айсин, Ақмола облысы соттарының төрағалары мен судьялары қатысты.

Ақмола облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ж.Бердіғұлова өз сөзінде: «Ұлт жоспарының 16-шы қадамы бойынша азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі сатыларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу қарастырылған деп атап өтті. Елбасының тапсырмасын орындау және азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мақсатында кассациялық саты облыстық соттан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының құзырына ауысқалы отыр. Нәтижесінде сот сатылары оңтайланып, сот төрелігінің сапасы артады деп күтілуде», - деді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы - сот алқасының төрағасы М.Шегенов Ұлт жоспарының 17-тармағына сәйкес облыс соттары судьялары қатарынан Жоғарғы Сот судьясы лауазымына іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ол Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына судьялыққа үміткерлерге арналған негізгі талаптарымен таныстырып өтті. Ол - Қазақстан Республикасының Жоғары сотына судьялық лауазымға үміткерлердің 5 жыл облыстық сотта, жалпы 10 жылдық судья қызметіндегі жұмыс өтілі және кәсіби қабілеті жоғары болуы міндетті. Кассациялық істерді қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзырына беру, кадрлық құрамның ұлғаюы жоспарланып отырғанын атап өтті.

Кеңес соңында демократиялық принципке сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары сотының судьясы лауазымына үміткерлерге жасырын сауалнама жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар