12 моноқалада Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның 12 моноқаласында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының (КҚО) ашылуы болды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«12 моноқала деңгейінде тұрақты Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істеп, бизнесті жүргізу және басқа да қызмет көрсету бойынша консультациялар беру және мемлекеттік қолдау көрсету бойынша ақпараттық-консалтингтік қызмет көрсететін болады», - делінген қор хабарламасында.

КҚО Жезқазғанда, Саранда, Балқашта, Қаражалда, Қаратауда, Жаңатаста, Кентауда, Зырянда, Серебрянскде, Құлсарыда, Жетіқарада, Арқалықта ашылған.

Бұдан басқа, Павлодар, ОҚО, Қарағанды, Қостанай және Жамбыл облыстарының аудан орталықтарында мобилді КҚО қызмет көрсететін болады.

«Мамандар арнайы жабдықталған автобустармен жүріп, кәсіпкерлерге консультациялар береді. Қазір автобустар сатылып алынып, өңірлердің аудандары мен ауылдарын аралауға дайын тұр», - деп атап айтылған «Даму» қорының хабарламасында.

Ақпаратқа сай, көрсетілетін қызмет кешені кәсіпкерліктің барлық үрдісін - өз ісін ашудан бастап оны тиімді басқаруға дейін қамтиды. Бизнесмендерге ақысыз заң көмегі көрсетіліп, жұмыскер іріктеу, бухгалтерлік және салық мәселелері бойынша кеңес беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Үкіметі 2012 жылғы 25 мамырда бекіткен Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сай, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі мен «Даму» қоры республика өңірлерінде Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ашуда.

Соңғы жаңалықтар