12 жас полицей ант қабылдады
деп хабарлады СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Бұл салтанатты шараға шолғыншы және көші-қон полиция қызметкерлері, ІІД аппараты, қалалық бөлімшелер мен арнайы күзет басқармасы өкілдері қатысты. Бұндай саптық байқауларда бөлімше командирлері жеке құрамның нысандық киімнің дайындығын, қызметтік құжаттарының сәйкес келуін, саптық дайындықтарын тексереді.
Саптық байқау өткізу кезінде жас сақшылардың салтанатты түрде ант қабылдауы жақсы дәстүрге айналып отыр. Бұл жолы да құқықтық тәртіп қызметін абыройлы атқаруға 12 жас полиция қызметкері ант берді.
Ант қабылдау рәсіміне қатысқан облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Мұрат Ұрымханов жас тәртіп сақшыларын құттықтап, бұл күн полицейлер өміріндегі маңызды күн екендігін атап өтті. «Ант беру арқылы сіздер Отанымызға, кәсібімізге өмір бойы адал қызмет етуге сөз бердіңіздер. Мен жас полицейлердің Қазақстан халқына, заңы мен тәртібіне мінсіз қызмет ететіндеріне сенемін. Полиция ардагерлерін алмастыруға келген жас қызметкерлер ішкі істер органдарының игілігі үшін аянбай жұмыс істеп, полиция атағына кір келтірмей еңбектенетіндеріне сенім білдіремін» - деді облыстың бас полицейі.
Саптық байқау аяғында тәртіп сақшылары ІІД-нің басшылығы және қонақтар алдында салтанатты шерумен өтті.