12 жасар балдызын зорлап келген педофил 17 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 жастағы педофилге қатысты сот үкімін шығарды.
None
None

Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, сотталушы 2013-2015 жылдар аралығында 12 жастағы балдызын бірнеше рет зорлап, оның қасындағы 13 жастағы құрбысына сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеттерді жасаған.

Сот үкімімен сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодесінің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабының 4-бөлігімен, 124-бабының 1-бөлігімен, 121-бабының 4-бөлігімен, 124-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды облыстық сот баспасөз қызметі.

Жаза өтеу орны ретінде қатаң режимдегі түзеу колониясы белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар