09:30, 11 Тамыз 2015 | GMT +5
12 жасар қызылордалық Ақмола облысында суға батып кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қызылордалық жасөспірім суға батып кетті.
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Тамыздың 10-ы күні күндізгі уақыт 14:03 минут шамасында Целиноград ауданының Караөткел ауылында қазаншұңқырға суға шомылмақ болған 2003 жылғы жасөспірім, яғни, Қызылорда облысының тұрғыны суға батып кетті. Іздеу шараларына Астана қаласындағы «Орталық өңірлік аэромобилді жедел-құтқару отряды» жеке құрамынан 3 адам және 1 суда жүзу құралы тартылып, тура 1 сағаттан соң жасөспірімнің мәйіті жағаға шығарылды», деп көрсетілген хабарламада.