12 жастағы қызды зорлап, одан кейін өлтірген педофиль ұсталды

ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 12 жастағы қызды зорлап, одан кейін өлтірген педофиль ұсталды.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Жамбыл облысының полицейлері аса ауыр қылмысты ашты. Қыркүйек айының ортасында Жамбыл ауданының полициясына 12 жастағы 6-сынып оқушысының хабар-ошарсыз кеткені туралы қыз баланың ата-анасы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Айша бибі ауылына жақын жерде өзеннің жағасындағы қамыстардың ішінен зорлық-зомбылық белгілері бар жәбірленушінің мәйіті табылды», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, іс-шараларды одан әрі жүргізу барысында 32 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсен. Күдікті жәбірленушіні мектептен келе жатқан жерінен күтіп алып, автокөлікпен қыдыртамын деп көлігіне отырғызған. Ауыл шетіне апарып, зорлаған, сосын тұншықтырып, мәйітін қамыстардың ішіне жасырып тастаған. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар